$ 441.66  475.14  4.86

«Екеуміз де емделдік»: Әнші Құдайберген Бекіш тұңғышын алты жыл күткенін айтты

Алла сұрағанға береді. Сол үшін адам өмірде жақсылыққа құмар болу керек.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Танымал әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Құдайберген Бекіш алғаш рет отбасы туралы сұхбат берді. Айтуынша тұңғышы араға алты жыл салып дүние есігін ашқан. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өнер иесінің шаңырақ көтергеніне 40 жылға жуықтаған.

Біз тұңғышымызды алты жыл бойы күттік. Әртүрлі жағдайлар болды. Сол кезде мен Мәскеуге оқуға түсіп кеттім. Сол жақта біліп алып жүріп, келіншегімді емдеттім. Өзім де емделіп, тексерілдім. Содан кейін барып, Мәскеуде жүргенде бөпеміз болатынын білдік. Солай тұңғышымыз араға ұзақ жыл салып, дүние есігін ашты. Алла сұрағанға береді. Сол үшін адам өмірде жақсылыққа құмар болу керек, – дейді әнші.

Сондай-ақ өнер иесі алғаш рет әкесі туралы да айтып берді. Төрт жасында дүниеден озған көрінеді. 

Әкем ерте кетті. Маған гармон деп аталатын аспапта ойнауды үйреткен. Сол сәт қана есімде қалыпты. Анам маған "әкең Қазалы деген жерде қайтыс болды" деді. Менің руым – Әлім. Содан кейін әкемді көрген жоқпын. Анам оны іздеген жоқ. Ерте есейіп, мен Алматыға кетіп қалдым. Әкемнің туысқандары болды. Жас кезімде маған көп көмектесті. Ол кезде мен анамның қасында болдым. Бірақ мен табиғатымнан ерте есейген жігітпін. Есейген соң, ешкімнің көмегіне зәру болған жоқпын. Бәріне өзім қол жеткізгім келді. Бесінші сыныпта қауын сатып, тапқан ақшамды анама беретінмін. Біз солай өстік, – деп бала кезін еске алды мәдениет қайраткері. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары