$ 443.37  474.49  4.83

«Енемнен қалған екі жүз жылдық қазанды қолданамын»: Тамара Асар құнды дүниелері туралы айтты

Үйленетін кезде жолдасымнан “ата-бабаңнан не қалды?” деп сұрадым.

Фото: tamara_assar_official инстаграм парақшасынан
Фото: tamara_assar_official инстаграм парақшасынан

Танымал әнші Тамара Асар алғаш рет отбасылық өмірі туралы айтты. Бұл туралы Skifnews.kz aқпарат порталы “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әнші екінші рет тұрмыс құрып, Ажарлым есімді қызды дүниеге әкелген болатын.

Жолдасым – үйінің тұңғышы. Үйленетін кезде жолдасымнан “ата-бабаңнан не қалды?” деп сұрадым. “Әкемнің аты жазылған кілем, балға мен балта, сосын анамнан қара қазан қалды” деді. “Қазан қарындасымның үйінде” деді. Жолдасым әулеттің үлкені болғандықтан, бүкіл құнды дүниелерді алдырттым. Қарындасының үйінен қазан да келді. Жақсылып, жуып тазалап, қолдануға болатын түрге келтірдім. Қазір тамақ істеуге қолданамын. Одан кейін 1829 жылы шойын болаттан құйылған үлкен қазан бар екенін айтты. Оны да алдыртып, биыл наурызкөже астық. Сенесіз бе, сол қазанға 5-6 жылдан соң 200 жыл толады. Үйде көп болмай, ән сапарға кеткенде “қазандарым орында тұр ма?” деп сұрап қоямын, – дейді әнші. 

Сондай-ақ әнші отбасылық өмірінің қалай өрбіп жатқанын да айтып берді. 

Өзімнен бұрын әкеме қатты ұнатты. “Осы сенің адамың” деп батасын берді. Өнер адамы болғасын әртүрлі қалада жүреміз. Жолдасым Қостанай өңірінің тумасы. Осы күнге дейін “Саған үйленемін деген жігіт” болмапты. Жолдасым ол сөзді айтты. Бас-аяғы бір аптаның ішінде отбасын құрдық, – дейді өнер иесі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 86
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары