Екі рет тұрмыста болғанмын, бірақ сәтсіз болды.
Танымал актриса, тележүргізуші Әсел Асқар жеке өмірі туралы оқырмандарының сұрағына жауап берді. Сондай-ақ шетінеп кеткен баласы туралы да айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі жеке парақшасында сұрақ-жауап ұйымдастырып, бүкпесіз барлық сұраққа жауап берді.
Бір оқырманым менің парақшама енді қосылған сияқты. Екі рет тұрмыста болғанмын, бірақ сәтсіз болды. "Күйеулеріммен баяғыда айырылысып кеткенмін. Қазір басым бос. Өзімді құс сияқты еркін сезінемін. Жаңасы пайда болғанда міндетті түрде сіздерге хабар беремін. Бірақ оны көрсетемін деп уәде бере алмаймын. Алайда ол туралы міндетті түрде айтып беремін. Қазір білмей тұрмын. Мүмкін, ол отбасылы болып қалса, менің тоқал болып қалуым мүмкін. Қысқасы, ештеңе білмеймін, – дейді аткриса.
Сондай-ақ жақында бөпесінен айырылған ана өзін қалай емдеп жүргенін де айтты.”Сіз мықта екенсіз, сіздің орныңызда болсам, жынданып кетуші едім” деген оқырман сұрағына былай деп жауап берді.
Дұрыс айтасыз! Барды бар деу керек. Өзегің мықты болғанымен, мұндай сынаққа дайын болмайсың. Сынып қалады екенсің. Сендер білмейсіңдер, әлі күнге дейін жылаймын. Ойламаған жерден есіме түссе, өзімді жоғалтып аламын. Мені ешкім таба алмай қалады. Амал қанша?! Осы жерге күн сайын жылағанымды салып отыра алмаймын. Менің жұмысым – елге позитив сыйлау, күлдіру. Адамдарға қызық болғанын қалап тұрасың”, – дейді өнер иесі.