28.12.2023, 03:30

Мирас пен Құралай үйленген кезін еске алды

Фото: instagram/miras_kuralay_official

Әнші Құралай ақ босаға аттағалы барынша абыройлы келін болуға тырысып жүргенін алға тартты.

Белгілі әншілер Мирас пен Құралай әлеуметтік желіде видео жариялап, үйленген кезін еске алды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгінде ерлі-зайыптының шаңырақ көтергеніне 24 жыл болған. Әнші Құралай ақ босаға аттағалы барынша абыройлы келін болуға тырысып жүргенін алға тартты. Оған қоса өнер иесі өз ата-анасы мен енесіне алғысын айтты.

Аллама шексіз шүкір етемін. Кеше ғана шаңырақ көтерген сияқты едік, 24 жыл қалай зымырап өте шыққанын байқамай да қалдым. Қазақта "ер жігіттің аты жақсы болса бір бақыт, алған жары жақсы болса мың бақыт" деген бар. Сол себептен, қолымнан келгенше осы уақытқа дейін артымнан жаман сөз естіртпей, абыройлы келін болуға тырысып келе жатырмын. Мені өсіріп, тәрбиелеп, оқытып, тоқытқан ата-анама мың алғыс. Олар қазіргі таңда ортамызда болғанда, менімен мақтанар еді деп ойлаймын. Осындай керемет отбасыға келін болып түскеніме бірінші Аллаға, сосын мамамызға алғысымды айтамын. Осылай жарқырап, жайнап, Мирас пен Құралай болып жүргеніміз мамау сіздің арқаңыз. Осы уақытқа дейін мамамды ешқашан "ене" деп айтып көрмегенмін. "Қарты бар үйдің, қазынасы бар" дейді. Мама ғұмырыңыз ұзақ болсын, балаларыңызбен немерелеріңіздің қуанышы мен жетістіктерін көре беріңіз. Бірлігіміз бен сыйластығымыз ұзағынан болсын, - деп жазды әнші.