$ 494.87  520.65  4.91

Қайрат Әділгерей марқұм Батырхан Шүкеновтің анасын құттықтады (ВИДЕО)

Әзілкеш қазақ өнеріндегі біртуар тұлғаны дүниеге әкелген анаға алғысын айтып, асқан сыйластығын көрсеткен.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қазақстандық танымал әзілкеш әрі актер Қайрат Әділгерей Қызылорда қаласына барып, марқұм Батырхан Шүкеновтің анасын жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әзілкеш қазақ өнеріндегі біртуар тұлғаны дүниеге әкелген анаға алғысын айтып, асқан сыйластығын көрсеткен.

Қайрат Әділгерей марқұм әртістің анасымен кездесуінің видеосын Instagram парақшасында жариялады. Онда өнер иесінің алдымен дүкен аралап, Батырхан Шүкеновтің анасына сыйлықтар алып жатқанын көруге болады.

Одан кейін актер әншінің үйіне барып, сый-сыяпатын табыстаған.

Батырхан Шүкенов ағамыздың анасы Диляра апама сәлем беріп, келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, көңілін аулап қайттық! Диляра апа ғұмырыңыз ұзақ, деніңіз сау болсын Ұрпағыңызбен мың жасаңыз! Қазақ халқына Батыр ағамыздай перзентті дүниеге әкелгеніңіз үшін бүкіл қазақ елінің атынан мың алғыс, - деп жазды Қайрат Әділгерей.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары