$ 444.14  477.05  4.85

Танымал блогер хиджабын шешіп тастады

«Инсталеди» мамыр айында дін туралы жазып, хиджаб кигенін айтқан болатын.

Коллаж: Stan.kz
Коллаж: Stan.kz

Танымал блогер Ботагөз Балабекова хиджабын шешіп тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

500 мыңға жуық оқырманы бар блогер әлеуметтік желідегі парақшасын жаңартты. 

Жаңа фотолар салып, жыл басын шетелде қарсы алғанын жариялады. Қазір ол Монако қаласында демалып жүр, деп жазды Stan.kz.

Жылы лебіздеріңізге рақмет! Маған тілегендеріңізді сіздерге де тіледім. Сіздерді қатты сағындым, – деп жазды блогер. 

Сондай-ақ “инсталеди” мамыр айында дін туралы жазып, хиджаб кигенін айтқан болатын. Ер адаммен көңіл қосқанын да жасырмады. Кейін фотоларын бәрін өшіріп, әлеуметтік желіге ат ізін салмай кетті. 

Араға 8 ай салып оқырмандарымен қауышқан блогер парақшасындағы пікір жазатын бөлімін бұғаттап тастаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 3
Күлкілі 11
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары