Бағдарлама жүргізушілері «Бұл марапат қайтарылмасын» деп әзілдеді.
Алматыда өткен «Қызық премия» шарасында белгілі әнші Әли Оқапов «Камбэк-2023» марапатына ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желіде хабарлап, қуанышымен бөлісті.
Қызық премия 2023! Рахмет сіздерге! Осындай қолдау мен үшін өте ыстық. Кезінде қатар бастап келе жатқан жолдарымыз енді осындай деңгейге апарғаны әрине қымбат. Өмірімдегі ең қиын сәттерінің бірі осындай көңілді әрі жылы нүктемен біткені күткен де, күтпеген де жағдай болды. Түсінгендер түсінер. Жаңа әнімнің тұсауын кестім, қошеметке ие болдым, бақыттымын қысқасы, – деп жазды Әли Оқапов.
Бағдарлама жүргізушілері марапатты табыстау кезінде «Құрмет» орденінен кейін болған жанжалды еске алып, «Бұл марапат қайтарылмасын» деп әзілдеді.