$ 494.87  520.65  4.91

Фариза Төреәлі бала бағуға көмектескен күйеуіне алғысын айтты

«Мені оятпай, өзі қарайды».

Фото: instagram.com/farizatoreali
Фото: instagram.com/farizatoreali

Отандық танымал блогер Фариза Төреәлі желіде күйеуіне жазба арнап, оған бала қарауға көмектесіп жүргені үшін алғысын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фариза Төреәлі Instagram парақшасында күйеуі мен қызының суретін жариялап елді сүйсінтті. Блогер ару бүгінде отағасы бала қарауға көмектесіп, барынша қолдау көрсетіп жүргенін айтты.

Қызымызға сапалы, лайық көңіл бөлу үшін екеуіміз кезекпен бағып, солай күш жинап аламыз. Әсіресе жолдасым екі-үш күн бойы демалуыма мүмкіндік береді. Өзінің де жұмысы көп, аз ұйықтаса да мені оятпай Даратайға өзі қарады. Менен артық қолынан жақсы келетінін көрген сайын іштей Алладан көп сауаптар тілеймін. Отбасым үшін деп жасалған әр іс үшін Раббымыз пенделеріне сауапты өзі береді, - деп жазды Фариза Төреәлі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары