08.01.2024, 05:30

Алтынай Жорабаева бесінші рет ана атанды

Фото: altynaizhorabayeva

Бұл қуанышты жаңалықты айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева жеткізді.

Танымал әнші, “Құрмет” орденінің иегері Алтынай Жорабаева бесінші рет ана атанды. Бұл қуанышты жаңалықты айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сүйінші! Алтушамыз бесінші қызын аман-есен дүниеге әкелді! Әрбір сәби күткен шаңыраққа бұйырсын!, – деп жазды айтыскер ақын.