$ 494.87  520.65  4.91

Әнші Құрмаш Махан екінші рет үйленгенін айтты

«Айқай-шусыз, балалардың жүрегіне дақ түсірмеу үшін ұрыс-керістің тоқтауын қалап, солай шешім қабылдадық».

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Танымал әндердің авторы әрі әнші Құрмаш Махан екінші рет отбасы құрған. Бұл туралы әншінің өзі «Алғашқы» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сөзіне құлақ түрсек, ол бірінші некедегі балаларымен жақсы қарым-қатынаста.

Алдыңнан шыққан сынақты өзгерту үшін әрекет ету керек болды. Тағдырдың неше түрлі кезеңдері болады. Содан өту үшін тәуекел етіп, көлігімді саттым да, Мысырға оқуға кеттім. Келген соң отбасым бұзылды. Құдай қосқан қосағым екеуіміз ақылдасып, «Бір-бірімізден алыстап көрейік. Мүмкін қадірімізді білерміз. Дұрыс шешімге келуге себеп болар» дедік. Бірақ сапардың қосқан үлесі шамалы болды. 2010 жылы осы шешімге келдік. Айқай-шусыз, балалардың жүрегіне дақ түсірмеу үшін ұрыс-керістің тоқтауын қалап, солай шешім қабылдадық, – деді ол.

Содан кейін әнші арада 2,5 жыл өткенде қайта отбасын құрған.

Балалармен байланысымыз үзілген жоқ. Анасымен де байланысым үзілген жоқ. Екі жақта болғанымыз болмаса, әлі күнге қарайласып келе жатырмын. Кейін 2,5 жыл жүріп, екінші рет отбасын құрдым. Қазіргі жарым да балалармен байланыста. Балаларым бір-бірін жақсы көреді, араласып тұрады,  – деді Құрмаш Махан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары