$ 443.35  475.54  4.82

Бидің түбін түсірген Жанболат пен Жазираға көпшілік сүйсінді (ВИДЕО)

Кейбір оқырмандар жұлдызды жұппен құда болуға қарсы емес екенін де жазды.

Фото: Instagram/zhazira_bairbekova
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақстандық эстрадасындағы жарасымды жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира ұлының шаңырақ көтергенін асыға күтуде. Ерлі-зайыпты тіпті қалың көпшілікке болашақта құдаларымен қалай билейтінін көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші Жазира Байырбекова Instagram парақшасында күйеуімен бірге билеп  елдің ықыласына бөленді.

Өнер иесінің сөзінше, жолдасы құдаларымен билеуге барынша дайындалып жүр. Бейнежазбадан Жанболат Ербатыровтың ортаға кіре сала, бидің түбін түсіргенін көруге болады.

Жәкең ұлым үйленсе құдалармен осылай билеймін дейді, – деп жазып қойды видео астына Байырбекова.

Әлеуметтік  желі қолданушылары Ербатыровтың ақкөңілділігіне тәнті болып, оған жылы лебізін білдірген. Кейбір оқырмандар жұлдызды жұппен құда болуға қарсы емес екенін де жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары