12.01.2024, 11:20

Блогер Дархан Жолшыбеков: Әйелімнің арқасында көтерілдім

Фото: https://www.instagram.com/darhanzholshybekov/

«Дари осы күнге дейін тамақ істеген емес».

 

Блогер және кәсіпкер Дархан Жолшыбеков жеке өмірі мен табысының құпиясын ашты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «NNN» youtube-арнасына сілтеме жасап.  

Дархан әйелінің арқасында көтерілген.

Үйде ақшаны Дари ұстайды. Жеке отбасылық сейфте ақшаны сақтаймыз. Даридің арқасында көтерілгенім рас. Менің атағымның шығуына оның көмегі көп тиді. Осы уақытқа дейін түрлі қара жұмыс істедім. Даяшы, әр түрлі жұмыстарды және базарда сатушы болдым. Қазір де базарға бармаймыз деп айта алмаймын. Әйелім ұнаса, кейде киімін базардан алады. Өзім базардан киінбеймін, – деді блогер.

Сондай-ақ блогер әйелінің тамақ істемейтінін және қара базардан киінетінін жасырмады.

Үйде көмекші бар. Дари осы күнге дейін тамақ істеген емес. Жұмыртқа ғана қуырады. Менен гөрі әйелім қарапайымдылау сияқты. Бізді көрген жұрт да сондай ойда. Қара базарға өте жиі барамыз. Дари сол жақтан ұнаған киімін алады. Мен ол жерден киінбейтінімді мойындаймын, – деді жас кәсіпкер.