14.01.2024, 11:30

Айтыскер Сара Тоқтамысова дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)

Фото: www.instagram.com/sarkanai

Отбасы деген қара орманда түрлі-түрлі сүрлеулі жолдар бар.

Ақын Сара Тоқтамысова қызы Сүйкімдінің 1 жасқа толған туған күнінде дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айтыскер ақын қызын Меккеге барып, күйеуімен бірге Алладан сұрап алғанын айтты.

Жолдасым екеуміз Меккеге барып, Қағбаны айналып, алақанымызды жайып Алладан тілеп алған қызымыз ғой. Бүгін қызығын жақындарымызбен бөлісіп жатырмыз. Отбасы деген қара орманда түрлі-түрлі сүрлеулі жолдар бар. Сол жолдарда жұбайлар қол ұстасып бір-біріне қолдау болып жүре алса ғана адаспайды. Жемісін жей алады, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.