$ 494.87  520.65  4.91

«Қайраттың дауысы жоқ деген кісілерге». Қайрат Нұртас әкесімен ән шырқап, желі қолданушыларын тәнті етті

Бұл видеоны өнерпаздың әкесі өзінің instagram парақшасына жариялады.

Фото: instagram.com/aidarbekov_nurtas
Фото: instagram.com/aidarbekov_nurtas

Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков ұлымен бірге ән шырқады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

Бұл видеоны өнерпаздың әкесі өзінің instagram парақшасына жариялады. Әкесі мен баласы Қайрат Нұртастың репертуарындағы «Сағыныш» әнін домбырамен шырқады.

Аян мен Заңғардың жоқтығын пайдаланып, 4 баласы бар, мынау жігіт еркелеп келіп қалыпты!
Еркелетіп жеберейін, жарайды, - деп жазды ол.

Желі қолданушалры Қайрат Нұртастың дауысы керемет екенін айтып, түрлі пікір қалдырды.

«Керемет ал Қайраттың даусы жоқ деген кісілерге ән шашу», «Қайраттың дауысы жоқ фонаграмма деп жар салатындарға, живой пример», «Асқар тауым әкешім аман болыңыз. Кайраттай ұлыңызға мың алғыс. Жарайсыздар күшті», «Қайрат біздің ЛЕГЕНДАМЫЗ, папасы одан өткен ЛЕГЕНДА», - деп жазды олар.