Ол әкесімен бірге түскен суретін жариялап, тірі болғанда, 58 жасқа толатынын айтты.
Әнші Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желідегі парақшасында, марқұм әкесін еске алып, жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол әкесімен бірге түскен суретін жариялап, тірі болғанда, 58 жасқа толатынын айтты.
Сонымен қатар Ақерке Бүркітбай әкесіне жыр жолдарын арнады.
"Асқар тау да, өзің едің, биіктік.
Өзің барда үй жатушы еді, жиып құт.
Кенет кеттің, мәңгілікке, жан әке...
Сағыныштан адам төзбес күй ұқтық.
Өзің едің бізге қамқор, қорған да.
Бақытты едік, өзің бірге болғанда.
Мәре-сәре жатушы едік шуласып...
Дастарқанның басы өзіңмен толғанда.
Өсиетіңе, көке, адал болармыз!
Мына өмірде шыншыл болып қалармыз.
Тату-тәтті, сыйластықты ту етіп...
Болашаққа сенімменен барармыз.
Алаңдама, жұмағыңда ақ көке!
Алла бізді қамқорлайды, нұр төге.
Дұғамызды бағыштаймыз жұмада,
Есіміңді ұмытпаймыз бар жерде", - деп жазды Ақерке Бүркітбай.