$ 441.58  480  4.86

Әнші Балжан Бидаш сәтсіз некесіне нүкте қойды

Жолы ашық болу үшін бар ашу-ызасын алып тастауға тырысып жүргенін жеткізді.

Фото: instagram.com/bidash_official
Фото: instagram.com/bidash_official

 

Кешью тобының экс-солисі Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында сәтсіз некесі туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Әнші өткен өміріне еш өкінбейтінін және ешкімге реніші жоқ екенін жеткізді. 

"Өткенге өкінбеймін. Жаратушымыздың заңы бойынша кемелдену үшін көру керекті көреміз. Өмірді ұғыну үшін әр түрлі жолдарды кешіп, таңдау жасаймыз.Ол сынақтардан сен оған немесе ол саған бірдеңе бергенін ұғыну да соңында маңызды. Ешкімге ренішім жоқ. Жолым ашық болу үшін ашу, ыза, агрессия, ренішті мидан алып тастауға тырысып жатырмын. Адамдарға, өмірге деген ренішің бітпейінше, проблемаларың да бітпейді екен. Алдыма түсіп, "былай жасай деп жатқан ақылшылар болып жатыр. Бізбен тұрып, от-күлін шығарысқандай жазады ғой. Ондай адамдар жақындарына қауіпті деп ойлаймын. Мұндай жағдайды екі адамнан артық ешкім білмейді. Сондықтан өздері шешкен дұрыс", - деп жазды Балжан Бидаш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 18
Ұнамайды 10
Күлкілі 5
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары