$ 439.4  473.54  4.76

Ерке Есмахан жақсы жаңалығын жария етті

Бұл жолы әнші бір өзі ғана емес, күйеуі Raim-мен бірге концерт бермек.

 

Фото: instagram.com/erke_esmahan
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан жақсы жаңалығын жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ерке Есмахан шығармашылығына қатысты жаңалығын Instagram парақшасында хабарлады.

Шоу-бизнес жұлдызы жақын арада сахнаға қайта оралатынын айтты. Бірақ бұл жолы әнші бір өзі ғана емес, күйеуі Raim-мен бірге концерт бермек.

"Күшті жаңалық айтамын. Артынан естімедік деп ренжімеңіздер. Ән салып, би билеп, суретке түскілеріңіз келсе, концертке келіңіздер. Көптен жүздеспедік", - деп жазды өнер иесі.

Жақында ғана балалы болған жұлдызды жұп наурыз айында Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Орал және Ақтау қалаларында ән кешін өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары