$ 444.14  477.05  4.85

«Бәрібір жәннатқа кірмейсің»: Хиджаб киіп, мешіт аралаған Say Mo елден сөз естіді

Бұл күндіз ғана имам.

Фото: instagram.com/say_mo__
Фото: instagram.com/say_mo__

Қазақстанның танымал рэп орындаушысы Say Mo жеке парақшасына фото жүктеп, оқырманын таңалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Фотодан әншінің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі әйгілі Шейх Зайед мешітінің алдында тұрғанын көруге болады. Халыққа ашық образдарымен танылған әншінің орамалмен жүргенін жұрт сөз етіп жатыр. 

“Дін мен сіз мүлдем үйлеспейсіздер”, “Екіжүзділік деп осыны айт”, “Бұл күндіз ғана имам”, “Жалаңаш болып жүріп, күндердің күнінде хиджаб киіп, коуч бола қалады. Қатындарға дінді насихаттап жүреді. Сондықтан ештеңеге таңғалмаймыз. Осындайларды тыңдау үшін ақша төлейтін қыздарды аяймын”, “Мешітке кіргеніңмен, жәннатқа кіре алмайсың” “Бұл мешіттің жанына жолатпайтын еді, сіз қалай кіргенсіз?! Орамалдан шашыңыз бен аяғыңыз көрініп тұр. Ол жақта әйелдердің киіміне қатты қарайтын еді” деп оқырмандары жарыса жазды. 

Өз кезегінде әнші бірде-бір пікірді жауапсыз қалдырмады.

“Үйлесімділік туралы айтатын сіз балгер емессіз, Екіжүзділік туралы сен айтпай-ақ қой”, “Қан қысымдарың көтерілмесін” деп жауап берді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары