26.01.2024, 12:40

Қазақ 40 жаста өлімді ойлайды – Лондонда оқып жатқан Айгүл Иманбаева

Фото: aigul_imanbayeva инстаграм парақшасынан

Менің мұғалімімнің жасы 43-те, маған «үйленуге әлі дайын емеспін» деп айтады.

Лондонда арт-менеджмент мамандығы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан танымал әнші Айгүл Иманбаева қазақ 40 жасқа келгенде өлім туралы ойлайтынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Менің мұғалімімнің жасы 43-те, маған «үйленуге әлі дайын емеспін» деп айтады. Бізде бұл жастағылар өлуге дайындалады. 35 жаста кәрі, 45-те оқуға барса «не үшін оқып жатырсың, керегі не, қартайдың ғой» деген сөздер айтылады. Түсінгенім, биологиялық жастың өлшемі біздің миымызда екен. Біздің ұлттың жасы 70-80 жастан аспайтыны осы өлшемнің кесірінен шығар деп ойланамын кейде, - дейді әнші.  

Әншінің сөзінше, білім алу ешқашан кеш болмайды, деп жазады Ulysmedia.kz.

«35 жастамын, оқуға кеш пе?» деп сұрағанда тіптен таңғаламын. Қорықпай, әрекет еткен шәкірттерім қазір АҚШ, Англия, Еуропада грантта оқып жатыр. Ал ойланып, қорқып жүргендер әлі жүр…, - дейді Айгүл Иманбаева.