27.01.2024, 17:30

Мөлдір Әуелбекова Баян Мақсатқызын өткен туған күнімен ерекше құттықтады (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz (видеодан алынған кадр)

«Ештен кеш жақсы демекші, туған күніңізге арнау болсын!».

Танымал әнші, кәсіпкер Мөлдір Әуелбекова бұрынғы продюсері Баян Мақсатқызының туған күніне ерекше видео жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Естеріңізге сала кетейік белгілі продюсер Баян Алагөзова 50 жасын дүркіретіп атап өткен еді.

Тренд 2024! Баян Мақсатқызы апайдың туған күніне осыны түсіріп үлгермедім. Себебі, Меккеде құлшылықта болдым. Ештен кеш жақсы демекші, туған күніңізге арнау болсын! Биыл үлкен сахнаға аяқ басқаныма – 20жыл! Соның 6 жылы сіздермен өтті, Баян Мақсатқызы, Бағым Мұхитдинова! Бәрі үшін рақмет!, – деп жазды әнші.