$ 494.87  520.65  4.91

«Жауыма да тілемеймін». Ердос Қанаев өмірден өткен ұлы туралы айтты

Көбіне сапарда болған соң маған білінбейді. Анасы қасында болды, оған өте қиын.

«Жігіттер» квартетінің мүшесі, әнші Ердос Қанав Podcast urpaq youtube-арнасына сұхбат берді. Тілдесу барысында әнші өмірден өткен  ұлының сырқаты туралы баяндап берді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің айтуынша, тұңғышы осы дертпен дүниеге келіп, 10 жасында өмірден өткен.

Әкенің қадірін балалы болғанда білдім. Алғаш әке болған кезде қатты қуаныш болды. Үлкен баламыз сынақпен келді. Абдуррахим деп есімін қойған едік. Қуанышымыздың бәрі бір нәрсемен судай басылды. 2020 жылы дүниеден өтті. Алғаш тұңғышым дүниеге келгенде жұмыстарыммен жүрген едім. "Балаң туды" деген хабар келіп, перзентханаға барғанымда реанимацияда жатқанын айтты. Түсінбей қалдық. Туғаннан сол бір диагнозбен өмірге келді. Екі ай өз-өзіне келмеді, тек вакуммен демалып жатты. Содан бастап сынақ күндері басталды. Ондай сынақты жауыма да тілемеймін. Көбіне сапарда болған соң маған білінбейді. Анасы қасында болды, оған өте қиын. 10 жыл аурухана мен екі ортада жүрдік. Апармаған жеріміз жоқ. Өте ауыр диагноз болған соң көп реанимацияға түсе берді. Бұл туралы бірде бір сұхбатта айтпадым. Өмірден өткен соң ғана сондай баламыз болғанын айттық, - деді әнші.

Өнер иесі бұл жағдайда тек көндіккеннен басқа амал жоқ екенін естіген.

Дәрігерлер "медицинада бұл аурудың емі жоқ, тек көнесіздер" деп ашық айтты. Балалардың өмір сүру жасы 18 жасқа дейін екенін де атап айтты. Басында ауыр болды. Анасы күнде жылайды. "Сен жақсы анасың, ешкімнің кінәсі жоқ, Алланың берген жақсылығы" деп жұбатып отырдым. Солай бір-бірімізге қолдау бердік. Тек көндігуге тура келді. Қолына алып отырасың, өздігінен тұра алмайды, сөйлемейді, көзі көрмейді, ештеңе жей алмайды, тек жылайды. Баламның алдында әкелік парызымды орындай алдым деп ойлаймын. Аллаға шүкір, одан кейін келген 4 перзентімнің дені сау. Диас, Асылым, Ахмет, Айым деген екі ұл, екі қызым бар, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары