Видеографтың әйелі сыйлыққа қатты қуанып, жолдасына алғысын білдірген.
Қазақстандық танымал мобилограф Қыран Талапбек келіншегі Гүлзада Тұрлашты туған күнімен құттықтап, оған аса бағалы сыйлық тарту етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Гүлзада Тұрлаш Instagram парақшасында туған күніндегі видеоны жариялап, қалың көпшілікке күйеуі тарту еткен сыйлықты көрсетті.
Қыран Талапбек түнгі он екіден кейін келіншегін бірінші өзі құттықтап, оған Bulgari брендінен қымбат сақина сыйлаған. Желідегі ақпаратқа сәйкес, оның құны 4 млн 200 мың теңгені құрайды. Видеографтың әйелі сыйлыққа қатты қуанып, жолдасына алғысын білдірген.
"Рақмет, сүйіктім. Мені таңғалдыруды қоймайсың", - деп жазды актриса.