02.02.2024, 17:20

Димаш Құдайбергеннің 30 жасына арналған концерті қай қалада өтетіні белгілі болды

Фото: dimashnews.com

Билеттер 9 ақпанда сатыла бастайды.

Биыл 24 мамырда әлемге танымал Димаш Құдайберген 30 жасқа толады. Осының құрметіне әнші Ыстанбұлдың Бешикташ стадионында жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы мерекелік іс-шаралар ұйымдастырумен айналысатын BWO компаниясы әлеуметтік желіде жариялады.

Әлемнің ең бірегей дауысы Бешикташ стадионында! Билеттер 9 ақпанда сатыла бастайды. Бұл Димаш Құдайбергеннің 30 жасқа толуына арналған концерт, - деп жазды BWO компаниясы Instagram желісінде.