03.02.2024, 16:30

Алматыда америкалық әншіге шапан жапты (ВИДЕО)

Фото: видеодағы кадрдан алынды

13 әні платина жүлдесін иеленген. 

Танымал америкалық әнші Джейсон Дерулоға Алматыға келген соң шапан жапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші әрі биші 3 ақпанға қараған түні Алматыға келді. Оны концерт ұйымдастырушылары күтіп алды. Джейсон бірден шапанды киіп, әуежайдан шыққанша шешпеген.

Джейсон Деруло әнші, биші әрі актер ретінде танымал. R&B жанрында 5 альбом шығарған. 13 әні платина жүлдесін иеленіп, бейнебаяндарының қаралымы 7 миллиардтан асады.