«Аузы-мұрнынан шығарып мұздатқыштарын толтырамыз».
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіндері туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнерлі жұп Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтер кенже ұлдары Заңғар мен Индираның қолында тұрады.
Бізбен тұрған келінге рахат шығар?! Аузы-мұрнынан шығарып мұздатқыштарын толтырып, бүкіл жағдайын жасап, өзіміз жолда жүреміз. Әр елден сыйлық тасып мәз боламыз. Олардың қуанғанын көріп, балаша қайта зуылдаймыз. Әзірге «бізбен тұрасыздар» деп екі келін таласып отыр. Үйде отыратын жасқа келгенде, бөлек үй салып таямыз-ау, жақпай қалмай тұрғанда деп әзілдейміз балалармен, – деп жазды продюсер.
Желі қолданушылары оның сөзін құптап, түрлі пікір жаза жөнелді. Бірі келінді бетімен жібермеу керек десе, енді бірі бала-келіннен бөлек тұрған дұрыс деген көзқараста.