10.02.2024, 05:30

Жазира Байырбекова: Қазақ әйелдері күйеуінің ұратынын неге жасырады? (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Ұзақ уақыт бала болмағаны күйеуінің денсаулығына байланысты екен.

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде қоғамдағы өзекті мәселені қозғады. Өнер иесі Instagram парақшасында көп жылдан кейін сәбилі болған әйелмен сырын көпшіліке жайып салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көп жылдан кейін балалы болған отбасының қуанышына бардым. Қонақтар күйеуіне рақмет айтып , «Әйеліңді тумадың деп тастап кетпей, шыдадың» деп арқасынан қағып жатыр. Әйелінің жанарында мұң. Шыдай алмай, оңаша шақырып, әйелімен сырластым. Ұзақ уақыт бала болмағаны күйеуінің денсаулығына байланысты екен. Оны туған-туысы білмейтінін және өзінен көріп, талай сөз тигізгенін айтты. Неге?

Ер адамның балалы болуға мүмкіндігі болмағанын, табыс таппайтынын, қол жұмсайтынын, мазасын алатынын және әйелінің тапқанын алып қоятынын неге қазақ әйелдері, қыздары жасырады? Бұл біздің қоғамның «Ерін сыйлайды» дегенінің жақсы жағы ма? Әлде әйелдің көңілі көк тиын дейтін жаман жағы ма?, – деп жазды Байырбекова.