$ 494.87  520.65  4.91

Актриса Салтанат Серкебаева Шығыстың келіні атанды

Желі қолданушылары актрисаға бақыт тілеп, ақжарма тілектерін жаудырған. 

Фото: @Sultankyzy
Фото: @Sultankyzy

Актриса, "Түнгі студия" телебағдарламасының жүргізушісі Салтанат Серкебаева Шығыстың келіні атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актрисаның ұзату тойынан видеолар танымал тележүргізушілер Айгүл Мүкей мен Ләйлә Сұлтанқызының Instagram-дағы жеке парақшаларында жарияланған.

"Сырғаң құтты болсын!", - деп жазыпты Айгүл Мүкей.

Желі қолданушылар да тележүргізушіге ақжарма тілегін жаудырған:

"Әдемі қыз, бақытты бол! " "Бағы баянды болсын! Өнерін тастатпайтын, жиған абыройын таптатпайтын күйеу болсын!". "Маңдайыңнан бақ кетпесін!"

Ал Ләйлә Сұлтанқызы Салтанат Серкебаеваның Шығыс Қазақстанға ұзатылып бара жатқанын жазған.

"Ұлы жүз бен орта жүздің арасында тағы бір көпір орнады", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары