$ 441.66  475.14  4.86

Қытай жаңа жылында Димаш бірқатар телеарнада өнер көрсетті (ВИДЕО)

Димаш қазақ және қытай тілдерінде «Ұмытылмас күн» және «Give me your love»атты композицияларын орындады.

2024 жылдың 8 ақпанында Димаш Қытай күнтізбесі бойынша жаңа жыл қарсаңына арналған жобаларда бірнеше орындауымен Қытай телеарналарында өнер көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы әншінің ресми сайтына сілтеме жасап.

CCTV-3 арнасы көрсеткен 2024 жылғы көктем фестивалінің гала-концертінде Димаш қазақ және қытай тілдерінде «Ұмытылмас күн» және «Give me your love»атты композицияларын орындады.

2024 Liaoning TV Spring Festival гала-концертінде Димаштың әйгілі пианист Ланг Лангтың сүйемелдеуімен «Thousands of Miles, a Common Dream» («Мыңдаған шақырымға бір арман») әні шырқалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары