12.02.2024, 05:30

Ринат Зайытов: Ана мен әйелді салыстыру адамдыққа жатпайды (ВИДЕО)

Фото: https://www.instagram.com/rinat_zaitov_resmi/

Оның пайымдауынша, жас ақындар арасында жаман тенденция қалыптасып келе жатыр.

Айтыскер ақын, мәжіліс депутаты Ринат Зайытов жас ақындардан сүйген қыздарын өмірге әкелген анамен салыстырмауды сұрады. Бұл туралы ол «ХабарLIKE» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның пайымдауынша, жас ақындарда қазір жаман тенденция қалыптасып келе жатыр.

Жас ақындарға ренжитінім бар. Осы жерде айта кетейін. Құрметті жас ақындар! Сүйген қыздарыңмен туған анаңды салыстырмаңдаршы, өтініш. Бізде жаман тенденция пайда болды. «Анамнан кейін өзің әдемі», «Әлемдегі екінші сұлу қыз сенсің, біріншісін менің әкем алған» деген сияқты. Ана мен әйел деген - мүлдем екі түрлі адам. Екеуін салыстыру адамдыққа жатпайды, – деді Ринат Зайытов бағдарламада.