Ұлттық өнерге өлгенше қызмет етемін деген өзіме берген сертім бар.
Бүгінде Түркияға тұрақтаған белгілі ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева айтыста көрінбей, сахнадан алыстап кетуінің себебін ашып айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өзінің жеке жұмысымен Қазақстанға келген Тұрсынбаеваға құрбысы Қарақат Әбілдина сұрақ жаудырды.
Айнұр досымыз келіп, көзайым болып жатырмыз. Елге келген сайын бір улап-шулап қаламыз. Үнемі жақсы жаңалықпен келеді. Осы жолы да бір істің басын қайырды. Айеке, өзіңнен тағы қандай жаңалық күтеміз? Айтысқа қашан шығасың?! Қашан біздің әндерімізге сөз жазасың?! Алда көктем, жаңалықтың жаршысы болатын мезгіл келе жатыр. Олай болса жақында Айнұр Тұрсынбаева сөзін жазған жаңа ән күтіңіздер” деп оқырмандарыма хабарлай беремін, – дейді Қарақат Әбілдина.
Ақын елден шақырту болмаса барлық ісін тастап келетінін де жасырмады.
Өнерден алыстап кеткенім рас. Бірақ мені айтыстарға шақырып жүрген жоқ. Шақырса бүкіл тірлікті жиып қойып, ұшып келуге дайынмын. Ұлттық өнерге өлгенше қызмет етемін деген өзіме берген сертім бар. Сондықтан мен айтыстан кеткен жоқпын, – деді Айнұр Тұрсынбаева.