$ 494.87  520.65  4.91

«Дым қатысымыз жоқ»: Дариға Бадықова халыққа өтініш айтты

Ол «Таптым-ау сені» фильмінің екінші бөлімін түсіріп жатқанын хабарлады.

Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/
Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/

Танымал актриса Дариға Бадықова халықты өзінің шығармашылығын қолдауды сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Етегімнен тартпаңдаршы! Күзетші сенің не теңің деп жерден алып, жерге салып болдыңыздар ма?! Құрсын таралып кеткені соншалық, үтікті қоссақ та сол видео шықты ғой алдымыздан. «Мейрамхананың тауып берген күзетшілері ғой, біздің дым қатысымыз жоқ» деп ақталды демеңіздер! Бір жағы, басқа ұлттың баласына ұқсап күзетшімен жүргенге не жетсін?! Сол күнге жетейік деп жақсы сөз айтқан бір қазақ жоқ қой, шіркін-ай!, – деді актриса.

Бұдан бөлек, ол «Таптым-ау сені» фильмінің екінші бөлімін түсіріп жатқанын хабарлады.

Құрметті көрерменім-ау! Жалпы деймін де, бастап жатқан ісіміз ілгері жүрсін десек, етектен тартып: «Ой сендер сондай, сендер мұндай» деп артқа тартпайықшы! Неге десеңіз, біз –  көпұлтты мемлекетпіз. Өзіміз аз ғана қазақпыз! Жұрттың баласының алдында бір-бірімізді табалап, жағадан ұстамайықшы. Енді еңсемізді көтеріп келе жатқанда салымызды суға кетірмейікші! Қай саланың тасы өрге домаласа, төмен тартуға құмар болмайық! Рухы, биік текті ұрпақтың балаларымыз ғой!, – деп жазды Дариға Бадықова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары