$ 441.66  475.14  4.86

Айжан Байзақова: Күйеуімді бағындырғым келді

Бұдан бөлек, блогер қазіргі кезде бұрынғыдай шулы ортада жүргісі келмейтінін жеткізді.

Фото: https://www.instagram.com/bayzakova/
Фото: https://www.instagram.com/bayzakova/

Атышулы блогер Айжан Байзақова күйеуін ел алдында жер-көкке сыйғызбай мақтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогер оқырмандарымен жеке парақшасында сұрақ-жауап ұйымдастырып, әңгіме өрбітті.

Алла тағала әрбір әйелге осындай отағасыны нәсіп етсін. Не болса да мені оятпайды, бала қарауға қатты көмектеседі, түрім онша емес болған кезде де менің сұлулығыма тәнті болады. Әрине, мінсіз адам жоқ. Нұрбек – нағыз ер азамат. Бірақ уақыт өте келе мен оған үйренісіп кеттім. Кезінде оның асқан ер мінезділігіне ашуланатын едім. Бірінші жылы мен табиғатқа қарсы келіп, оны бағындырғым келді. Ал енді бұл ер азаматты құшақтап, еркелетіп жіберу керегін түсіндім. Соның арқасында ұрысымыз азайды, – деп жазды Байзақова.

Бұдан бөлек, блогер қазіргі кезде бұрынғыдай шулы ортада жүргісі келмейтінін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары