20.02.2024, 11:00

Фариза Ескермес «ең сұлу қалыңдық» атанды

Фото: instagram.com/fariza_yeskermes

Жақында сүйіктісінің ұсынысына "иә" деп жауап берген актриса Фариза Ескермес үйлену тойына дайындықты бастап кетті.

Фариза Ескермес Instagram желісінде бірнеше ақ көйлек киіп көрген видеосын жариялап, ел назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Жақында сүйіктісінің ұсынысына "иә" деп жауап берген актриса Фариза Ескермес үйлену тойына дайындықты бастап кетті. Өнер иесі қалыңдық көйлегін таңдап жүр.

"Макияж бен образымды ойластырып жатырмын. Жарты жыл бұрын тойға дайындықты бастап кеттім", - деп жазды актриса. Өнер иесі көпшілік назарына бірден бірнеше қалыңдық көйлегін ұсынып, оған таңдауға көмектесуін сұрады. Желі қолданушылары сұлу аруға кез келген образ жарасатынын жазуда. "Ең сұлу қалыңдық", "Саған барлығы жарасады", "Өте көріктісіз", "Сөз жоқ, нағыз ханшайым", "Сұлулығыңызға тәнтімін, өте сүйкімдісіз", "Күйеуіңіздің бағы бар екен", - деп жазуда оқырмандар.