$ 494.87  520.65  4.91

«Жүзік таққанын күтіп жүрмін»: Динара Сәтжан сүйіктісі бар екенін айтты

"Маған үнемі ер адамның үлкен болғаны ұнайтын, арамыз кем дегенде 5 жас болуы керек".

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал тележүргізуші, фешн-продюсер Динара Сәтжан жеке өміріндегі соңғы жаңалықтарын бөлісті. Бұл туралы ALIBEKOVKZ арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Динара Сәтжан бағдарлама барысында өзінің тұрып жатқан екіқабатты зәулім үйін көрсетті.

Оның айтуынша, пентхаустың жалпы ауданы – 320 шаршы метр, құны – 100 миллион теңге. 

Сонымен қатар, тележүргізуші жеке өміріндегі ел білмейтін жаңалығын да бөлісті.

"Екінші жартымды, сүйіктімді тапқан секілдімін. Жақын арада саусағыма жүзік тағады деп ойлаймын. Бәрі нақты болған кезде өмірімдегі ер адамды жұртқа көрсетемін. Біздің үйлену тойды дүркіретіп өткізбейміз, өйткені бақыт тыныштықты жақсы көреді. Маған үнемі ер адамның үлкен болғаны ұнайтын, арамыз кем дегенде 5 жас болуы керек", – деп сырын бөлісті ол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 5
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары