22.02.2024, 16:20

«Қойсаңдаршы болды». Жігер Ауыпбаев өзі туралы «қаралы хабар» таратқандарға шүйлікті

Фото: instagram.com/jiger_auypbaev_official сторисінен

Мені өлтіріп не істейін деп жүрсіңдер?

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев өзінің қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат таратпауын сұрады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Әлеуметтік желіде жарияланған хабарда Жігер Ауыпбаевтың "өз-өзіне қол жұмсағаны" жайлы жалған ақпарат айтылған.

Осы YouTube-арнаның түпкі мақсатын түсінбедім. Бір емес, екі емес... Қойсаңдаршы болды. Мені өлтіріп не істейін деп жүрсіңдер?, - деп жазған ол.