23.02.2024, 16:00

Кәмшат Жолдыбаеваның актер күйеуі оны қалай қаратып алғанын айтты (ВИДЕО)

Фото: https://www.threads.net/@johnnyqazaqstan1

Алайда жарасымды жұп отбасылы болғаны туралы тіс жармаған еді.

Былтыр әнші Кәмшат Жолдыбаева мен актер Ғазрет Қажымұқанұлы отбасын құрды. Әншінің күйеуі «REVUE NEWS» бағдарламасында түсірілім кезінде сезімі оянғанын айтып берді,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Үйленгеніміз жайлы ақпарат растауды талап етпейтін шығар. Себебі, барлық жерде отбасы құрғанымыз жайлы ақпарат тарап кетті. Махаббатымыз сериал кезінде басталды. Отбасы құрғалы іштей өзгерген шығармын. Кәмшаттың сыртқы келбетінің өзгеруіне әсер етпедім. «Былай киін» деп ешқашан айтқан емеспін. Бізде мәселелер талқыланады. Екеуіміз кездескен екі жылда психология саласын қатты зерттеді, – деді актер Ғазрет Қажымұқанұлы.

Еске салсақ, бұған дейін желіде Кәмшат Жолдыбаеваға сырға салып, актер Ғазрет Қажымұқанұлына ұзатылғаны жайлы видеода тарады. Алайда жарасымды жұп отбасылы болғаны туралы тіс жармаған еді.