Кіп-кішкентай балаларда осынша жауыздық қайдан пайда болған?
Актриса, блогер Жұлдыз Әбдукәрімова Алматыда балабақшалардың бірінде болған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі қатарластарын ұрып-соққан балалардың іс-әрекетіне қарап, ұлт болашағына алаңдайтынын айтты.
"Мен балаларымның денсаулығына алаңдап, дәруменді ойлап отырғанда, балабақшадағы оқиға көзден жасты сорғалатты ғой.
Кіп-кішкентай балаларда осынша жауыздық қайдан пайда болған? 5 минут бойы жабылып тепкілеген. Бала көргенін жасайтыны белгілі. Тәрбие, құндылыққа мән бермесек ұлтқа қауіп төніп тұр екен.
Әрине, оқиғаның мән-жайын құзырлылар анықтап жатыр. Алайда мені толғандыратыны мынау еліміздің болашағы осы бүлдіршіндеріміздің қолында. Сонда қандай ел болмақпыз?" - деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.