Суретте әнші алдына садақа тастайтын қорап қойып қойған.
“Жігіттер” тобының әншісі, кинопродюсер Бағлан Әбдірайымов жеке парақшасына көшеде қайыр сұрап отырған фотосын жүктеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Суретте әнші алдына садақа тастайтын қорап қойып қойған.
“Өзгенің күйін түсіну үшін 5-ақ минут жеткілікті. Бәрі түсінеді, сезеді. Бірақ мейірім жоқ”, – деп жазды эстрада жұлдызы.
Сәуір айында әншінің жаңа киносы жарық көреді. Желі қолданушылары кинодан кадр деп топшылап жатыр.