$ 442.05  474.14  4.74

«Кәрі түйе ойнақтаса жұт болар»: Баян Алагөзова тағы да елді шулатты (ВИДЕО)

Көпшілікке Баян Мақсатқызының сахнада сомдағын образы мен киім үлгісі ұнамаған.

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Таяуда 50 жасқа толған Баян Алагөзова Алматыда шоу-мюзикл өткізді. Ол кеш барысында «Qween show» мюзиклын орындап, жұртқа жақпай қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Кеше көрермен назарына алғаш ұсынылған мюзиклдың тұсауы кесілді. Оған көптеген артистер, блогерлер мен әншілер қатысқан. Сонымен бірге, мюзиклда Кешью тобының бұрынғы солистері Жанар Дұғалова, Ерке Есмахандар да өнер көрсеткен.

Десе де көпшілікке Баян Мақсатқызының сахнада сомдағын образы мен киім үлгісі ұнамаған. Олар ашулы пікірлерін желіде жаудыра жөнелді. 

«Өнеріне сүйсіне қарап, үлгі тұтатын адам емес. Ешқандай қазақи намысы жоқ, өзімен-өзі елге күлкі болып жүрген әртіс сымақ», «Талғамы жоқ, не киімдері, не әндері, бәрі нашар», «Кәрі түйе ойнақтаса жұт болар» деген осы ғой, жас ерекшелігіне қарай әрекет жасаса қандай тамаша», «Дауысы жоқ, несіне ән айтады», «Қазақша әні мен киімі келіспей қалды», – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 95
Күлкілі 26
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары