07.03.2024, 11:00

Әнші Тұрар Ыдырыс пен Сара Амангелді шаңырақ көтере ме? (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

Тұрар Ыдырыс пен Сара Амангелді бұған дейін де бірге көзге түскен болатын.

Әнші Тұрар Ыдырыс пен Сара Амангелдінің әлеуметтік желідегі парақшаларына жариялаған видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бірге ән орындаған өнер иелерін желідегілер жұптастырып үлгерді.

"Жақсы көрем. Сарамен көптен күткен дуэтіміз. 8 наурыз күні шығады", - деп жазды Тұрар Ыдырыс.

Ал оқырмандары әнші мен актрисаны бірге көргісі келетінін жазып, «соңы той болсын» деп тіледі.

"Жұптың иісі шығады", ""Жақсы көрем", "Бір-біріңді жақсы көріңдерші", "Жарасымды жұп", "Тамаша", "Сендер қосылғанша, дұғада жүремін", "Онсыз да жұп емес пе?", "Соңы той болсын", - деп жазды желі қолданушылары.

Тұрар Ыдырыс пен Сара Амангелді бұған дейін де бірге көзге түскен болатын.

Сара Амангелді желіде ақ көйлек киген суретін бөлісіп, көпшілікті қызықтырып әрі ойландырып қойған болатын. Ал кейінірек желіде актрисаның ұзатылған видеосы тарады.