Бірақ белден ұстау деген әңгіме қатты кетіп қалыпты.
Әнші Балжан Бидаш "Егіз лебіз" жобасында футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаевпен дуэт орындап жүр. Кезекті нөмірді сахналау барысында футболшы әншінің белінен ұстап, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл жайлы Балжан Бидаш Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Кешегі шыққан нөміріміз бәріне ұнап жатыр екен. Жобада көрерменнің сүйікті жұбына айналғанымызға қуаныштымыз. Рақмет! Бірақ белден ұстау деген әңгіме қатты кетіп қалыпты. Расында, режиссердің айтқанын істеп, қатты кетіп қалыпты. Ұлан да ыңғайсызданып жатыр", - деп жазды Балжан Бидаш.