Ләйлә Сұлтанқызы сахнада жылап қалған видеосын Instagram парақшасында жариялады.
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Таразда өткен форумда сахнада сөз сөйлеп жатып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ләйлә Сұлтанқызы сахнада жылап қалған видеосын Instagram парақшасында жариялап, астына «Ал отбасы бар, алдында бала-шағасы жүгіріп жүрген… » деген сөзге келгенде демім жетпей қалды», деп отбасы тақырыбы аясында сөз қозғағанда марқұм күйеуін есіне алғанын жасырмады.
"Әркім өз миссиясын тапсын, әркім өзіне ұнайтын іспен айналыссын. Ал отбасы бар, алдында бала-шағасы жүгіріп жүрген қыз-келіншектер шүкір деңіздер. Сіздің жағдайыңызға жете алмай жүрген қаншама адам бар", - деді Сұлтанқызы.