$ 443.37  474.49  4.83

«29 жасқа келіп, шешім шығардым»: Танымал әнші өзінен ақша аяйтынын айтты

Жұлдыздың жарқырап жүруі Айқынның арқасы.

Фото: zhuldyzomirgali_official инстаграм парақшасынан
Фото: zhuldyzomirgali_official инстаграм парақшасынан

Танымал әнші, актриса Жұлдыз Өмірғали туған күнінің алдында өзіне ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі 29 жасқа толды. Жары Айқын Төлепберген соңғы үлгідегі қымбат ұялы телефон сыйлаған еді. 

Бірінші рет өзіме бренд сөмке мен белдік сыйладым. Соңғысы болмасын. Туған күніме жасаған сыйлығым. Жылдар бойы тапқан табысымды аяп, қымбат дүние алуға жұмсамаған едім. 29 жасқа келіп, шешім шығардым. Арманым орындалды. Бірақ екітүрлі сезімде тұрмын. Бір жағынан қуанамын, екіншіден басқа дүниеге жұмсауға болатын еді деп ойлаймын. Сіздер қалай ойлайсыздар?! Екеуін де тек мерекелік іс-шараларға ғана ұстаймын, – деп жазды әнші.

Әншінің сауалына күйеуі Айқын Төлепберген, “Әйел тапқан табысын өзіне ғана жұмсауы керек”, деген пікір қалдырды. Ал желі қолданушылылары болса эстрада жұлдызының бұл пікіріне қосыла кетті.

“Еркектердің бәрі сіз секілді ойласа ғой”, “Бренд заттарды жолдасы алып бергені абзал”, “Кеше ғана көріп едім бағаларын, сөмкесінің өзі – 900 мың теңге. Белдігі – 70 мың”, “Айқын дұрыс айтады”, “Жұлдыздың жарқырап жүруі Айқынның арқасы”.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары