14.03.2024, 10:00

Димаш Құдайберген тағы жаңа бейнебаянын жарыққа шығармақ (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Жанкүйерлерді романтика элементтері бар экшнге толы туынды күтіп тұрған секілді. 

Әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлерін жаңа туындысымен қуантпақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тосынсый! Босаңсып қалмайық, өйткені жаңа бейнебаян шыққалы жатыр, - деп жазды Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында.

Димаш Құдайберген бейнебаянынан үзінді жариялады.

Әншінің жанкүйерлерін романтика элементтері бар экшнге толы туынды күтіп тұрған секілді.