$ 494.87  520.65  4.91

«Орыс мектебінде оқиды»: Мөлдір Әуелбекова баласы туралы айтты

Ұстазының ұлты - әзірбайжан.

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова "Medina style" Youtube-каналына  берген сұхбатында ұлына мектеп таңдар алдында не нәрсеге мән беретінін айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Біз балаға ең бірінші балабақша немесе мектеп емес, ұстаз таңдаймын. Себебі бала таңнан кешке дейін менің қасымда емес, ұстаздың қасында болады. Яғни, тәуліктің жарты бөлігінде ол ұстаздың тәрбиесін алып жатыр. Сондықтан да мен ұстаз таңдадым. Баламның ұстазының ұлты - әзірбайжан, бірақ таза қазақша сөйлейді. Ол тәжірибесі мол, үлкен кісі. Қазір бәрі таңғалуы мүмкін, менің балам орыс мектебінде оқиды. Орыс мектебінде алғаш рет қазақ сыныбы ашылған. Біздің ұстазымыз сол қазақ сыныбын өз қарамағына алған. Біздің ұстаздан жолымыз болды, - дейді әнші.

Естеріңізге сал кетейік, бұған дейін әншінің ұлына 60 миллионға алған үйін көрсеткенін жазған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары