$ 494.87  520.65  4.91

«Ұлыма айтқан тілекті қызыма айта алмаймын»: Жұлдыз Әбдукәрімованың қызы 15 жасқа толды

Қызының туған күнінен 1 күн бұрын Қайрат пен Жұлдызайдың екінші баласы - Нарұлдың туған күнінде Жұлдызай молынан тілек тілеген еді.

Фото: www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/
Фото: www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Әнші Қайрат Нұртас пен әрі актриса, әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдукәрімованың тұла бойы тұңғышы 15 жасқа толды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жайында танымал актриса өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Сондай-ақ әнші қызына қысқа әрі нұсқа ғана тілек айтты.

Наурыз айы біздің отбасымыз үшін өте берекелі әрі мерекелі ай. Нарұл мен Алауым дүниеге келген ай. Ұлыма айтқан тілекті қызыма айта алмаймын. Себебі барынша еркелеп, еркін өскенін қалаймын.

Мінезі де, түр-әлпеті де өзіме тартқан. Күлкісінен өзімді көрем. Тілерім тек бақ, бақыт. Өзі қалаған іспен айналысып, өз бағасын білсе болғаны, - деді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Қызының туған күнінен 1 күн бұрын Қайрат пен Жұлдызайдың екінші баласы - Нарұлдың туған күнінде Жұлдызай молынан тілек тілеген еді.

 

"Нарұлым 13-ке толды! Бұл жаста бойы, ойы өсіп, мінезі өзгергені анық. Осы уақытқа дейін ұлыма тілек айтарда еш қиналмайтын едім, бұл жолы ойландым. Ер азаматтың ұлт алдындағы борышын қалай жеткізсем деп толғандым.

- Нарұл, тарихта ұлт үшін өшпес мұра қалдырған Ұлы тұлғаларымыз туралы мына деректерді жадыңда ұстағаныңды қалаймын.

Абай 13 жасында ел билеу ісіне араласып, 14 жасында сықақ өлеңдер шығара бастаған екен.

Әлихан Бөкейхан 13 жасында Қарқаралыдағы үш жылдық училищеге түсіп, үздік бітірген еді.

Ахмет Байтұрсынұлы 13 жасында әкесі Байтұрсынның жазықсыз сотталғанын көзімен көрген болатын.

Шоқан 14 жасында-ақ өзінің ғалым екенін дәлелдеген.Күш атасы Қажымұқан 14 жасында

Петерборда Масляков деген татардың қолында жалшы болып жүріп, күштілігін көрсеткен.

Нұрғиса Тілендиев дирижерлік қызметті 14 жасында бастаған.

Мұстафа Өзтүрік 14 жасында Тайваньдағы эксперименталды университетке оқуға түсті.

- Анашым, мен бұл ақпаратты білсем де мән бермеппін. Демек мен ер жеттім!

- Айналайын, НАР тұлғалы Адам бол. Жолың ашық, бағың бес елі болсын!", - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 5
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары