$ 494.87  520.65  4.91

Айдарбекованың қос келіні күлкіге қалды (ВИДЕО)

Гүлзира Айдарбекова мен қос келінінің  әзіл ретінде түсірген видеосына оқырмандар тәнті болды.

Фото: www.instagram.com/gulziraaidarbekova
Фото: www.instagram.com/gulziraaidarbekova

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында екі келінімен бірге түсірген видеосын жариялап, оқырмандарын күлдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Гүлзира Айдарбекова мен қос келінінің  әзіл ретінде түсірген видеосына оқырмандар тәнті болды.

Видеодан енесінің келіндерімен қоштасып үйден шыққанын, ал қос келіннің орамалдарын көкке лақтырып қуанғанын көруге болады.

Продюсер видеоның астына: "Ал мен кеттім, келіндер барлығы осылай қуанады ма екен? Ал сіздер ше келіндер? Шынымен осылай ғой, өздерімен өздері еркіндік. Әзіл ретінде түсірдік", - деп жазба қосқан.

Оқырмандары  әзілі жарасқан енесі мен келіндерінің қарым-қатынасына риза болып, оларға жылы лебізін білдірді.

"Бәріміз де осылай қуанамыз", "Шыны керек өмірден алынған сюжет қой", "Күліп тоқтай алмай жатырмыз", "Гүлзира ханым нағыз заманауи ене", "Осы отбасының өзара татулығына тәнтімін", "Келіндерімен әзілдесіп те, трендтен де қалмайды өзі", "Жарайсыз, нағыз көреген, көзі ашық, жүрегі кең кісі", - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары