19.03.2024, 16:00

Ерке Есмахан Райымның Тоқаевтан алған сыйлығын көрсетті

Фото: www.instagram.com/erke_esmahan/

Президенттің жолдасына тарту еткен сыйлығын Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың  креативті индустрия өкілдерімен кездесуінде әнші Райым мемлекет басшысының қолынан сыйлық алды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президенттің жолдасына тарту еткен сыйлығын Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Кеше президенттің сыйлыққа не бергенін мен көрсетпесем, Раим көрсетпейді. Сол үшін маған "жарайсың" деп қойыңыздар", – деп жазды Ерке Есмахан.

Cуреттен блокнот, қалам және мемлекеттік елтаңбасы мен Qazaqstan деген жазуы бар сағатты, сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың ашық хатын көруге болады.

Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің креативті индустрия өкілдері – музыка, әлеуметтік желі, киноиндустрия, жасанды интеллект саласында табысқа жеткен мамандармен кездескен болатын.