20.03.2024, 12:00

Димаш Құдайберген ертең Алматыдағы Наурыз мерекесінде өнер көрсетеді

Фото: www.instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әнші 21 наурыз күні Алматы қаласындағы "Астана" алаңында жерлестерімен кездесетінін айтты.

Димаш Құдайберген  Instagram парақшасында Наурыз мерекесіне орай Алматыға келе жатқанын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші 21 наурыз күні Алматы қаласындағы "Астана" алаңында жерлестерімен кездесетінін айтты.

"Әуежайға шықтық. Қонақжайлылық үшін Сеулге рахмет. Бұйырса, 21 наурыз күні Алматы қаласындағы "Астана" алаңында жерлестеріммен Наурыз меркесін бірге қарсы алу үшін Алматыға келе жатырмын,"  - деген парақшасындағы жазбада.