20.03.2024, 13:40

Сахнада әнінің сөзін ұмытып қалған Мақпал Жүнісова елді күлдірді (ВИДЕО)

Фото: facebook

Өнер иесінің ән кешіне келген көпшілік бұл жағдайды дұрыс жағынан қабылдап, оған қолдау білдірді.

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісованың жеке ән кешінде қызықты жағдай орын алды. Өнер иесі сахнада тұрып, көпшілік алдында әнінің сөзін ұмытып қалған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мақпал Жүнісова концерті кезінде «алжыған деген осы» деп тыңдармандарын әбден күлдірді.

Эстрада жұлдызы жиналған қауым алдында әнінің сөзін ұмытып қалғанын мойындап, олардан көмек сұраған. Өнер иесінің ән кешіне келген көпшілік бұл жағдайды дұрыс жағынан қабылдап, оған қолдау білдірді. Желі қолданушылары да әртістің асқан қарапайымдылығына тәнті болып, түрлі пікір қалдыруда.

"Шынайы болғаныңыз үшін мың алғыс", "Халықтың ерке қызы ғой, бәрі жарасады өзіне", "Әзілдесіп қояды. Сондай қарапайым", "Мақпал Жүнісоваға бәрі кешірімді", "Халық бірден қолдап кетті. Жараған екенсіздер", - деп жазуда оқырмандар.